Бiз туралы




Шымкент қаласы білім басқармасының №11
«Аружан» бөбекжай- бақшасы мемлекеттік коммуналдық
Қазыналық кәсіпорны
Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізіп, Отандық білім берудің алдындағы жаңа міндеттер мен талаптарды орындау барысында, балалар бақшасына деген сұраныстың жоғарлауына байланысты, елімізде көптеген мектепке дейінгі ұйымдар ашыла бастады.
Осыған орай, Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты ,Д.Құрманбеков көшесінде, жер аумағы 5063 ш/м құрайтын, №11«Аружан» бөбекжай- бақшасы МКҚК, 2014 жылы маусым айынан бастап жұмыс жасап келеді .
Бөбекжай-бақша жалпы – 6 топтық, 140 орынға арналған.
Бөбекжай-бақшада мынадай топтар жұмыс жасайды:
-Кіші топ /2жастан/
-Ортаңғы топ /3 жастан/
-Ересек топ /4жастан/
-МАД топ /5жастан/
Мекеме екі қабатты,орталықты жылыту жүйесімен,су, электр жүйелері орталықтандырылған, телекоммуникация мен қамтамасыз етіліп,өртке қарсы дабыл (сигнализация) орнатылған. Асхана, азық-түлікқоймасы, кір жуатын бөлмелер мен шаруашылық материалдарын сақтайтын қойма бар.
Егу және оқшаулау бөлмелер дент ұратын төлқұжаттандырылған медициналық кабинет пен қамтылған. Бөбекжай –бақшада жалпы 16 бейнекамералар орнатылған, оның -11данасы мекеме ішіне, 5 данасы мекеменің сыртына орналастырылған.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус, тактикалық жолақ және арнайы әжетхана бар.
Барлық топтар балалардың жас ерекшеліктеріне қарай құрылған жаңа жиһаздар мен, ойын және көрнекі құралдар мен қамтамасыз етілген.
Әр бір топта жеке жатын, ойын, әжетхана және ас тарқататын бөлмелері бар.
Арнайы бөлінген әр топқа арналған ойын алаңдары мен құралдары орналасқан алаңқайлар бар.
Бөбекжай-ба 2жастан бастап қабылданады. Бөбекжай-бақша жұмысын 8:00 ден бастап, кешкі сағат 18:30 да аяқтайды. Жұмыс 5 күндік жұмыс жүйесіне негізделген.
Педагог қызметкерлерді жұмысқа қабылдау HR-Process кадрларды іріктеу жөніндегі втоматтандырылған жүйе ( http://www.hr-process.kz/ сайт) арқылы қабылданады.
Ас мәзірі: таңғы, түскі және бесін ас мәзірі мен тағайындалған.
Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты МКҚК №11«Аружан»бөбекжай- бақшасы1 корпустан құралды және мына мекен-жайда орналасқан:
корпус: Д.Құрманбеков көшесі,32/2 үй.












